oC
  • slide1
  • slide-2
  • 1 сентября
  • слдайд 2
  • Встречас акимом
  • слайд 1

Өңір колледждері  және «Казцинк» ЖШС Альянсын құру туралы меморандум

2025 жылғы 21 тамызда өңір колледждері және «Казцинк» ЖШС Альянсын  құру туралы меморандумға қол қойылды.

Іс-шараға «Казцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Лазарев Андрей Петрович және өңірдің 16 колледжінің директорлары қатысты.

Серіктестік мыналарды көздейді:

* білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу;
* студенттердің кәсіпорын базасында өндірістік практикадан өтуі.

Жыл сайын колледждердің шамамен 500 студенті компания бөлімшелерінде өндірістік практикадан өтеді, оның ішінде дуальды оқыту жүйесі бойынша.

Альянс құру компания мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл мамандарды неғұрлым тиімді даярлауды қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, студенттер үшін өндірістік тәжірибе мен тағылымдамаларды ұйымдастырумен қатар, «Казцинк» кәсіпорындары базасында оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыру да жоспарланып отыр.